Название: Сожаление Оригинальное название: "Өкініш" Год выхода: 2013 Жанр: лирическая драма Режисcер: Максат Оспанов В ролях: Кайрат Нуртас, Сиви Махмуди, Жания Джуринская, Ренат Баситов, Гульзира Айдарбекова, Асанали Ашимов, Тунгышбай Жаманкулов
О фильме: Смотреть кино онлайн В привычную жизнь Кайрата врывается страстная всепожирающая любовь к Сание. Ослепленный своей любовью он сам того не замечая отдаляет от себя самых близких людей. Гульзира - мать и продюсер в одном лице и друг детства Ренат, пытаются вырвать Кайрата из циничных и коварных когтей Сании. Но отуманенный разум на крыльях любви несет Кайрата к пропасти. Попытки Гульзиры вразумить сына заканчиваются скандалом и уходом Кайрата, который не желает признавать свое безрассудство. Какую же цену придется заплатить во имя любви?!...
Описание: Театральная группа Шаншар выступила в году 2001, старшым был из них Уалибек Абдраимов он был рожден актером , в этом сюжете были выбраны еще новички , и Жусип тоже выступал как музыкант ) , если увидите сами все поймете )
Қазір несиеге бәрін де алуға болады. Тұрғын үйді де, автокөлікті де, тіпті, киімді де. Тек банк қарызын уақтылы өтей алсаңыз болғаны. Ал махаббат атты құдіретті сезімді несиеге алуға бола ма? Бұл сұрақтың жауабын режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың «Несиеге махаббат» («Любовь в кредит») атты кино-комедиясынан таба аласыз.
«Несиеге махаббат» — комедиялық жанрда түсірілген кино. Бірақ бұл жеңіл күлкі шақыратын, болмаса еріксіз езу тартқызатын арзанқол туынды емес. Бұл — халықтың бүгінгі қоғамда несиеден тартқан азабы мен көрген қиыншылықтарын көрерменге кино арқылы жеткізетін туынды. Қазақ және орыс тілдерінде түсірілген 1 сағат 28 минуттық туындыда диалог аз.
Киноның сценарийін жазу барысында Сәбит Әбдіхалықовқа актер Сафуан Рысбайұлы мен Нұргелді Садығұлов ақыл-кеңестерін беріпті. Ал кинода елімізге танымал Лидия Каденова, Сафуан Рысбайұлы, Қайрат Әділгерей, Жанатбек Бәйтеков, Әбунасыр Серіков тәрізді тағы да басқа мықты актерлер мен актрисалар ойнайды. Сонымен кино не себепті «Несиеге махаббат» деп аталды?
— Қазір адамның жүрегі екі нәрсеге ауырады: бірі — махаббат, екіншісі — несие. Рас, бүгінде несиеге тұрмысқа қажетті дүниенің барлығын алуға болады. Тіпті, бір-бірін сүйіп қосылған екі жастың тойын да несие алып жасаймыз. Қазір несиесі жоқ адам «бақытты жанның» қатарына жатады. Ал несиесі барлары күні-түні мазасызданып, әбігерге түседі. Сондықтан халықтың көңілінен шығар кино түсіруді ұйғардым. Кино комедиялық жанрда болғанымен, күлкі арқылы көрерменге титтей де болса ой салғымыз келді, — дейді режиссер Сәбит Әбдіхалықов.
«Екі жұлдыз» бұрынғыдан да жарқырай түспек. Отандық өнер жұлдыздарының осынша шоғыры қатысып, вокал мен актерлік қабілетін сынға салатын жоба елімізде бұрын-соңды болған емес! Жұлдызды жұптардың міндеті – тек сахнаға шығып ән айту ғана емес, өзге қарсыластарынан артықтығын көрерменге дәлелдей білу. Ол үшін сайыскерлер әлемдік хиттер мен бәсекелестерінің репертуарларындағы туындыларды орындап, түрлі жанрды еркін меңгере алатынын көрсетеді және алуан түрлі образдарға енеді. Алайда, жоба жұлдыздардың әсем әуендері мен әсерлі қойылымдарын назарға ұсынатын думанды бағдарлама ғана емес, әр саны сайын бір жұппен қош айтысуға тура келетін драма. Өткен маусымдарда қазылар алқасы бір көтерген бағасын өзге жұпқа қоя алмай, қиналатын ереже бұл маусымда жүрмейді және әр жұп бағасын білгенше хабардың соңын күтіп уайымдамайды, өнер көрсеткеннен кейін бірден біледі. Ал жұптарды бағалаудағы көрермен құқығы бұрынғыдай. 50 пайыз дауысқа ие.
Көрерменнің көзайымына айналған реалити-шоу 3-маусымын ашық деп жариялайды! Шіркін, life Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына сапар шеккелі отыр.