Порталдың жалпы ережесі - Қазақша әндер жаңа Әндер 2010|Клиптер|Қазақша mp3
Страница 1 из 11
Қазақша әндер жаңа Әндер 2010|Клиптер|Қазақша mp3 » Жастар порталы - MUZ-FRESH » Портал ережесі » Порталдың жалпы ережесі
Порталдың жалпы ережесі
Mblp3a6aeBДата: Пятница, 30.09.2011, 19:33 | Сообщение # 1
Топ: Удаленные





Порталдың жалпы ережесі

1.1. Біздің портал барлық келушілерге ашық. Сайт қызметтерін толық пайдалану үшін тіркелу керек.

1.2. Осы ережені сақтауға келіскен кез-келген адам портал қолданушысы бола алады.

1.3. Әр мүше өзі туралы мәліметтің таралмауын талап етуге құқы бар. Сондықтан, қолданушының келісімінсіз оның қаржылық, жанұялық және басқа да қызығушылықтарын талқыламаңыз.

1.4. Сайт қолданушылар \\\\\"сен\\\\\" немесе \\\\\"сіз\\\\\ деп сөйлеседі. Бұл өзгелерді сыйламағандықтың немесе тәрбиесіздіктің белгісі саналмайды.

1.5. Порталдағы жазбалар қадағаланып отырады. Сайтқа енгізілген ақпарат алдын ала тексерілмейді және түзетілмейді. Бірақ сайт админі мен модерлер оны кейін жасауына құқы бар.

1.7. Порталдағы тәртіпті модерлар бақылап отырады. Олар жазуларды түзетуге және өшіруге, қажетсіз тақырыптарды жабуға құқылы.

1.8. Ережені сақтамай дөрекілік жасалған жағдайда сайт админі қолданушыны ешқандай ескертусіз порталдан шеттетуге құқылы. Шеттетілген жағдайда қайта тіркелу мүмкін емес.
1.9. Админ осы ережені алдын ала ескертусіз-ақ өзгеріс енгізуге құқылы. Барлық өзгерістер жарияланған уақытынан бастап күшіне енеді.

1.10. Сіз порталдан алған ақпараттарыңызды ҚР заңдары мен Халықаралық нормаларына қарсы мақсатта қолданбауды міндетіңізге аласыз.

1.11. Осы порталдың авторлары ақпараттар мен сілтемелердің әрі қарайғы қолданылуына жауап бермейді.

Форумда тыйым салынады:
2.1. Форум тақырыбын бұзуға, бұрып әкетуге.

2.2. Бұрынғысын қайталайтын жаңа тақырып ашуға.

2.3. Бір тақырыпты бірнеше бөлімде жариялауға.

2.4. Балағат сөздерді қолдануға, сөйлесуші жақтың ұлттық немесе діни болмысын кемсітуге және оған қарсы дөрекі сөздер жазуға. (Ескерту беріледі)

2.5. Әкімшіліктің рұқсатынсыз жарнама орнатуға. Жарнамалау мақсатымен сайттарға жасалған сілтемелер де осы категорияға жатады. (Ескерту беріледі)

2.6. Программаны сындыруға арналған кряктар, сериялық нөмірлер немесе сындырылған программалар қоюға. Сондай-ақ, оларға сілтеме жасауңа да тыйым салынады.
(Ескерту беріледі)

2.7. Тақырыпқа сай емес мағынасыз (флуд, оффтоп) жазулар жазуға. (Жеке хат арқылы жазбаша ескерту беріледі. Тағы қайталанса ескерту беріледі)

2.8. Админ мен модерлер әрекеті талқыланбайды жәңе жазаланбайды. Бұл әрекеттерді тек қана жеке хаттар арқылы немесе Байланыс модулі арқылы ғана жүзеге асырылады.

2.9. Форумда пікір тек жалғыз ғана смайлдан тұратын болса. (Ескерту беріледі)

2.10. Форумда бірнеше аккаунтпен тіркеліп жазуға қатаң түрде тиым салынады. Бұл жағдай орын алғанда қолданушының бас аккаунтына ескерту беріліп, екінші аккаунты өшіріледі.

2.11. Форумда жаңа тақырып ашпас бұрын іздеу модулін пайдалану ұсынылады. Сіз ашқалы отырған тақырып бұрын талқыланған болуы мүмкін.

2.12. Жаңа тақырыпты сәйкесті бөлімде ғана ашыңыз. Егер сіз қозғайтын тақырып бір де бәр бөлімге сай келмесе \\\\\"Қымызхана"\\\\\" бөліміне ашыңыз.

10 рет ескерту алған жағдайда қолданушы сайтқа кіру құқығынан уақытша шеттетіледі.

3. Форумдағы Алғыс пен Шағым функциясы.
3.1. Басқа қолданушыларға өзіне алғыс айтқызу, (мен саған, сен маған алғыс қояйык) деуге тиым салынады. (Осы жағдай байқалса екі қолданушының да барлық жинаған алғыстары "0" ден басталады)

3.2. Себепсіз шағым жазуға тиым салынады.

3.3. Егер форумда ережеге сай емес пікір байқасаңыз ғана "Шағым" батырмасын пайдаланыңыз. Ереже бұзушылық байқалса әкімшілік белгілі іс-әрекет жасайды.

4. Қолтаңба
4.1. Қолтаңбада басқа сайттарға сілтеме жазуға тиым салынады.
4.2. Қолтаңбаға койылған суреттің көлемі 100кб-тан аспауы керек.

5. Порталдағы пікірлер
5.1. Балағат сөздерді қолдануға, сөйлесуші жақтың ұлттық немесе діни болмысын кемсітуге және оған қарсы дөрекі сөздер жазуға қатаң түрде тиым салынады

5.2. Әкімшіліктің рұқсатынсыз жарнама орнатуға. Жарнамалау мақсатымен сайттарға жасалған сілтемелер де осы категорияға жатады.

5.3. Пікір жазғанда күлегештер саны 3-тен аспауы керек.


Егер осы талаптар сізді қанағаттандырмаса, сайтқа кіруіңізді тоқтатуыңыз керек.
 
Қазақша әндер жаңа Әндер 2010|Клиптер|Қазақша mp3 » Жастар порталы - MUZ-FRESH » Портал ережесі » Порталдың жалпы ережесі
Страница 1 из 11
Поиск:


және MUZ-FRESH